Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы

22 қантардағы № 14 (28238) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

13 – бабының 23) тармағына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасынының Заңына және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы

26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Таксидің алдыңғы және артқы жақтарында төртбұрыш түрінде «Мүгедек» айрықша белгілер және «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 7.17-жол белгісі нышанының бейнесі белгіленеді.»;

26-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

«26. Қозғалыста қиыншылығы бар және кресло–арбалары қажет емес мүгедектерді тасымалдау мақсатында инватакси қызметтерін көрсету үшін женіл автомобиль көлігін пайдалануға жол беріледі..»;

28- және 29- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын :

«28. Мүгедектерге және бала-мүгедектерге инватакси қызметтерін көрсетуге айғақтамалар:

1) «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуге медициналық айғақтамалары;

2) «Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 10589 болып тіркелген) бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар болып табылады.

Жергілікті бюджеттің лажы есебімен жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша инватакси қызметтерін көрсету алушылардың санаты кеңейту жарамдылығы бар;

29. Мүгедектік белгіленген мерзімге берілген медициналық ұйымның қорытындысы мүгедектерге инватакси қызметтерін көрсетуге негіз болып табылады.

      Қызметтерді алу үшін мүгедек инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 035-1/у нысан бойынша медициналық ұйымның қорытындысы;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген)  Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу  ережесiне сәйкес мүгедектіктігі туралы анықтаманың көшірмесі.

2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін, түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедекке қайтарылады.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Инватакси қызметін алушылар санаты мен объектілер және белгіленген пункттердің тізбесі жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кенейтуге  болады.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Инватакси қызметтерін көрсету тапсырыс қабылдау, мүгедекті қарсы алу, тұратын жерден инватаксиге дейін мүгедекті тасымалдауға жәрдемдесу, сондай-ақ  отрығызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), мүгедекті және ертіп жүретін адамды (болған кезде) өтінімде көрсетілген белгіленген пунктке дейін жеткізу кіреді.».

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  3. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;    
  4. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  5. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                             

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі                                                                              Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

________________ Е. Біртанов

2017 жылғы «___» ___________

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі 

________________ Т. Дүйсенова

2017 жылғы «___» __

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі