Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

3-тармақ алынып тасталсын;

5-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:

«20-1.Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтары олардың сертификаттарын уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиациялық персоналын даярлау және кәсіби деңгейін қолдауға жіберіледі.

 Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануды алу үшін уәкілетті органға оқыту бағдарламасы мен оқытылатын авиациялық персонал көрсетіліп, еркін нысанда Өтінім жолданады.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласы жазылған сертификатының көшірмесі;
  2. Авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламасы.

Уәкілетті орган Өтінімді алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығына сертификат берген елдің Авиациялық әкімшілігіне оның түпнұсқалығына сауал жолдайды.

Уәкілетті орган авиациялық оқу орталығының сертификатын шетел мемлекетінің авиациялық әкімшілігінен растау алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтінім берушіге шетелдік авиациялық оқу орталығының танылғаны туралы хат жолдайды.

Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігінен авиациялық оқу орталығы сертификатының түпнұсқалығы туралы теріс жауап алған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге дәлелді жауап жолдайды.».

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған, растайтын құжаттарды ұсынған және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі».

2.   Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3)   осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)   осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

Жарияланған: 22.05.2017
Жаңартылған: 22.05.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі