Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы

 

«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 5 қазандағы № 262 (26323)   жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерінде:

3 тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауына рұқсаттарды берудің талаптары мен тәртібі»;

6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшулар Азаматтық авиация комитетінің рұқсаттарында белгіленген шарттармен орындалады.»;

10-тармақтың 14 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;»;

келесі мазмұндағы 3-1 тараумен толықтырылсын:

«3-1-тарау. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын ұшуларды орындауға әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына алдын ала хабарлама беру шарттары мен тәртібі

17-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонуды жүзеге асырмайтын ұшулар, Қазақстан Республикасы Әуе кеіңістігін пайдалану ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсат берілетін Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын халықаралық тұрақты емес ұшулар мен 3-тараудың 12-тармағына сәйкес рәсімделетін қауіпті жүкті тасымалдау бойынша ұшуларды ескермегенде, алдын-ала ескерту мен ұшу жоспарын жіберу шарттарында жүзеге асырылады.

17-2. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде шетел пайдаланушылары азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес Қазақстан Республикасы аумағында қонуды жүзеге асырмайтын ұшуларды орындау үшін алдын ала хабарлама аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төлемді келісу шартымен орындалады, және ұшуды орындауға дейін 1 күннен кем емес мерзімде Қазақстан Республикасы аэронавигациялық ұйымға аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған байланыс желілері арқылы жолданады.

17-3. Шетел пайдаланушысы әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындау үшін алдын ала хабарламада келесі ақпарат бар болу тиіс:

пайдаланушының атауы және толық пошталық мекен-жайы;

ХААҰ коды және рейс нөмірі;

әуе кемесінің типі және тіркеу нөмірі;

максималды ұшу массасы;

әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;

ұшу мақсаты;

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;

бортта қауіпті жүктің, әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасының бар болуы;

аэронавигация қызметі үшін болжамды төлем ақы формасы.»;

4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, шетелдік пайдаланушыларының азаматтық әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат беруден бас тарту үшін арналған негіздемелер»;

18-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«18. Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, шетелдік пайдаланушыларының азаматтық әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат беруден бас тарту үшін арналған негіздемелер мыналар болады:»;

19-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

«19. Қазақстан Республикасы аумағында қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, шетелдік пайдаланушыларының азаматтық әуе кемесінің халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы немесе оның орынбасары, басқарма жетекшісі бекітеді.»;

Ережеге 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

Ережеге 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3)   осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)   осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

         Қазақстан Республикасының

     Инвестициялар және даму министрі                                     Ж. Қасымбек

 

Жарияланған: 28.02.2017
Жаңартылған: 28.02.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі