Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабына және  «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне  осы қаулыға қосымшаға сәйкес  Петропавл қаласының көшелерін орташа жөндеуге және көшелерді жарықтандыру желісін реконструкциялауға нысаналы ағымдағы трансферттер  түрінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 2637871300 (екі миллиард алты жүз отыз жеті миллион сегіз жүз жетпіс бір мың үш жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

3. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2017 жылғы 1 желтоқсанға  дейінгі мерзімде бөлінген  қаражаттың нысаналы пайдаланылуы бойынша есеп берсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі