Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне өнеркәсіп, өнерәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология, туризм, азаматтық авиация, көлік, жаңа технологиялар және инвестициялар саласындағы 116 мемлекеттік қызметтер кірді.

2016 жылы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен 2 млн. 025 мың 456 қызметтер көрсетілді және 73 мемқызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына азаматтық авиация, байланыс, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, көлік, автомобиль жолдары, жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология саласында жол берілді (бүгінгі күні 29 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді (ереже, стандарттар және регламенттер) әзірлеу және бекіту кезінде мемқызметті көрсету мерзімін айқындау барысында бірыңғай тәсілді (күнтізбелік күндерді жұмыс күніне ауыстыру бөлігінде), мемқызметті көрсетудің дискрециялық мерзімдерін алып тастау («аса емес», «ішінде», «кем емес» және басқа), сондай-ақ, өтінімді қарау мерзімдерін және Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті алушылардан сұратылатын құжаттар тізбесін қысқарту қарастырылуда.

Министрліктің www.mid.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ сол не өзгеде мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін құрылымдық бөлімшелердің байланыстары бойынша анықтамалық ақпарат орналастырылған.

2012 жылдың 1 сәуірінен бастмап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс жасайды.

Министрліктің құзыретіне кіретін 116 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден 84  www.egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы  электрондық форматта көрсетіледі. Қалған 32 мемлекеттік қызметтерді Министрлік дәстүрлі тәсілмен (қағаз түрінде) көрсетеді.

116 мемлекеттік қызметтердің 12 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

Сонымен қатар, 116мемлекеттік қызметтердің Министрлік көрсететін 39 мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан алуға болады.

Барлық мәселелер бойынша мемлекеттік қызметті алушыларға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты Министрліктің Құжаттау және бақылау департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасына +7(7172)75-42-53 телефоны бойынша немесе Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 1902 іс бөлмеге жүгінуге болады.

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі