Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы

6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пайдаланушыны  авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркеліп, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде  жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны  авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3)   осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

    министрі

Ж. Қасымбек

 

 

         «КЕЛІСІЛДІ»

         Қазақстан Республикасы

         Қаржы министрі

_________________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы «___» _____________

 

 

 

         «КЕЛІСІЛДІ»

         Қазақстан Республикасы

         Ұлттық экономика министрі

_________________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы «___» _____________

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі