Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ақпараттары

 

ҚР ИДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасына  реттеушілік әсерді талдау бойынша қоғамдық талқылау өткізді.

 

ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану саласында енгізілетін және әрекет ететін реттеуші құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың әсерлігі және тиімділігін арттыру мақсатында,  белгілі мәселелерді айқын шешу және белгілі мақсаттарға жету үшін альтернативті тәсілдерді реттеу бағасы арқылы осы құралдардың реттеушілік әсердің талдауы өткізілді.

Өткізілген талдау нәтижелері  2017 жылғы 13 маусымда ұйымдастырылған отырыс арқылы қоғамдық өкілдермен, мемлекеттік орган мен мүдделі тұлғалармен TransportTower ғимаратында жұрт алдында талқыланды (Астана қаласы, Қабанбай батыр 32/1).

Іс –шара модераторы болып Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры -Баймишев Руслан Нурашевич сөз сөйледі. 

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасы бойынша  өткізілген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін түсіндірумен келесі мәселелер жөнінде Жер қойнауын пайдалануды дамыту және талдау басқармасының басшысы- Адамышина Данагүл Айтмағанбетқызы сөз сөйледі:

лицензия негізінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін енгізу;

лицензия негізінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін енгізу;

жер қойнау кеңістігін пайдалануға арналған құқық беру лицензиялық тәртібін енгізу;

жер асты суларға арналған іздеу жұмыстарына құқық беру жөнінде рұқсат етілетін тәртібін енгізу;

жер асты суларды өндіруге арналған құқық беру жөнінде рұқсат етілетін тәртіпті енгізу;

бір мың текше метрден асатын, көлемде барлау учаскесінде тау -кен салмақтары мен (немесе) топырақтарды жылжытуға арналған рұқсат етілетін тәртіпті енгізу;

Қоғамдық талқылауға қатысушылар жүргізілген реттеушілік әсерді талдаумен келісті, ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Қорытындылай келе, модератор  көрсеткен белсенділіктері және көрсетілген позициялары үшін  алғыс айтты.

Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша құралдардың реттеушілік әсерді талдауды пайдалану және Ережелерді өткізуге сәйкес есеп дайындалды.

ҚР ИДМ АММ-2017 VIII тау-кен конгресі аясында Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі жобасының тұжырымдамалық сұрақтарын талдау мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізді

Ағымдағы жылдың 26 мамырында АММ-2017 VIII тау-кен конгресі аясында Қазақстан Республикасы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі жобасының тұжырымдамалық сұрақтарын талдау мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ұйымдастырылған іс-шарада депутаттар, министрлік басшылары, салааралық ведомства өкілдері, заң консультантары, жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысында Инвестициялар және даму Вице-министрі Тимур Тоқтабаев сөз сөйледі. Ол өз кезегінде Кодекс жобасына қатысты мемлекеттік және мүдделі субъектілермен ұсынылған ескертулерге қатысты  жұмыстар аяқталу сатысында екендігін атап өтті және де жақын арада жаңартылған Кодекс жобасы тиісті органдарға жолданатын болады және сайтта жарияланады қоса атап өтті.

Өзінің сөз-сөйлеу кезінде Вице-министр жаңа Жер қойнауы туралы Кодекс жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық климатты жақсартып қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттің тұрақты дамуы үшін минералық-шикізат базасының ұлғаюын қамтамассыз етуге септігін тигізетіндігін атап өтті.

Отырыс барысында  «Kazzinc» ЖШС бас директоры А.Л. Хмелев компания тәжірибесі негізінде жер қойнауын пайдалану саласындағы басты өзгерістер және оның салық салымымен арақатынасы, оның ішінде қорларды есептеу жаңа стандарттарына өту жайында атап өтті.

Бұған қоса «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі жобасының тұжырымдамалық сұрақтарын талқылау барысында «Қазақмыс Корпорациясы» құқықтық сұрақтар бойынша директоры Кабиева Русланамен техногендік-минералдық құрылымдар пайдалану, Кодекс жобасының өтпелі ережелері және «бірінші өтінім» принципі негізінде алынған лицензиялары бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері аталып өтілді.

Сөз сөйлеушілердің баяндамаларын тыңдап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Альберт Рау қызықтырған Кодекс жобасының бағыттарына қатысты сұрақтарды қойды және дөңгелек үстелді қорытындылады.

 

ҚР ИДМ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша кезекті қоғамдық  тыңдау өткізді

Қоғамдық  маңызды  мәселелер  бойынша  азаматтық  қоғамның пікірін  білдіру  мақсатында 2017 жылдың 14 сәуірі күні Алматы қаласында  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша кезекті қоғамдық  тыңдау өткізілді.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Артур Платонов және Шавкат Өтемисов, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі ТимуТоқтабаев, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Іс-шараны жүргізген Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі төрағасын алмастырушы Төлеу Шенгелбаев.

Тыңдалым барысында «Қатты пайдалы қазбалар бөлімі бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері және көмірсутекті шикізат бөлімі бойынша  Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері таныстырылды.

Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы үш жұмыс күні ішінде бандамалардың мазмұны, айтылған пікірлер және Кодекс жобасы бойынша әзірленген ұсыныстар көрсетілген  Хаттаманы  ұсынады, ол   Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасына қатысты берілген ұсыныстарды мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. қарайтын болады.

Кодекстің  жаңа жобасы келесі тұжырымдамалық өзгерістерді қарастырады:

- Австралия елінің моделіне ұқсас «Бірінші келген - бірінші алады» принципі бойынша лицензиялық тәртіпті енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын  беруді жеңілдету;

- қорларды бағалауда халықаралық тәртіпке көшу;

- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті жасау және оны сандық форматқа көшіру;

- кең таралған пайдалы қазбалар тізбесін  қайта қарау;

- кеніштерді жабу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кен орындарын жою бойынша ережені қатайту;

- жер қойнауын пайдалану бойынша әрекет ететін келісімшарттар үшін тұрақтылық  кепілдігі қарастырылған  және тағы басқалар.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://mid.gov.kz/ru/kategorii/departament-nedropolzovaniya-13 ресми интернет ресурсында орналастырылған.

 

 

Қазгеология Қарағанды облысы бойынша 13 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде

Қарағанды қаласында  Қарағанды облысында геология саласын дамыту перспективалары мәселесі бойынша кеңес өтті.

Жиынға облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев, «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов,  ҚР Энергетика министрлігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Қарағанды облысында геология саласын дамыту перспективалары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Руслан Баймишевтің жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалардың алғышарттары және оның негізгі ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қарағанды облысында геологиялық барлау жобаларын іске асыру туралы «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов баяндады.

Ғалым Нұржановтың айтуынша, «Қазгеология» АҚ-тың шетелдік инвестицияларды тарту және инвесторлармен іскерлік қатынастарды жақсарту жөнінде жоспарлы жүргізіліп отырған жұмысының нәтижесінде соңғы 3 жыл ішінде Компания геологиялық барлау жұмыстары саласына 30 млрд. теңгеден астам қаржы тартты, олардың ішінде инвестициялардың  30%-ы (немесе 9 млрд. теңге) Қарағанды облысының үлесінде.

Сондай-ақ, Ғ.Нұржанов «Қазгеология» АҚ-тың өңірде жалпы сомасы 3,5 млрд. астам теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырмалар негізінде 13 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Мысалы, Қарағанды облысында «Қазгеология» АҚ Rio Tinto (Ұлыбритания), Korea Resources Corporation (Оңтүстік Корея), «ULMUS FUND» (Германия), JOGMEC (Жапония),  Yildirim Holding (Түркия) сияқты шетелдік компаниялармен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.

Rio Tinto компаниясы 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде әрі Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелерінде мыс-порфира кендерін барлау жөніндегі жобалармен айналысуда.

Korea Resources Corporation 2015 жылдан бастап жұмыс істеуде әрі Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде полиметалл кендерін барлау жөніндегі жобамен айналысуда.

Жапонияның JOGMEC мұнай, газ және металдар жөніндегі корпорациясы 2016 жылдан бастап Қыземшек учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеумен айналысуда.

«ULMUS FUND» неміс тікелей инвестициялар қоры 2015 жылдан бастап Бесшоқы алаңында түсті және асыл металдарды барлау жөніндегі жобамен айналысуда.

Yildirim Holding түрік компаниясы бастапқы кезеңде Қазақстандағы бірнеше перспективалы учаскеде, оның ішінде Қарағанды облысының Тектұрмас ультрабазит белдеуінде хромит кендеріне жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуді жоспарлауда.

Ғ.Нұржанов таяуда осы өңірде полиметалдардың ірі кен орны ашылады деп күтіліп отырғанын атап өтті.

Жалпы алғанда, саланы одан әрі дамыту үшін «Қазгеология» АҚ бұрғылау, геофизикалық және аэрогеофизикалық жұмыстар саласындағы әлемдегі әйгілі компаниялардан жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруда, сондай-ақ ұлттық компания өз қызметкерлерін оқыту жөніндегі жұмысты жолға қойды. Қазіргі сәтте  Rio Tinto компаниясының көмегімен 60 жас қызметкер 14 геологиялық бағыт бойынша оқытылды.

Түстен кейін  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің жобасын талқылау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі жобасының негізгі ережелері туралы «White&Case» ЖШС-тің консультанты заңгер Тимур Одилов айтып берді.

Кеңестің қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, барлық ұсыныстар ескерілді.

 

 

Жарияланған: 14.02.2017
Жаңартылған: 21.06.2017
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі